27
декабрь
2021
"Физика пәнінен мектеп бітірушілерді ҰБТ-ге дайындаудың тиімді жолдары" тақырыбында семинар
Меркі ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы базасында физика пәні мұғалімдеріне арналған "Физика пәнінен мектеп бітірушілерді ҰБТ-ге дайындаудың тиімді жолдары" тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Семинарға ауданның жалпы орта білім беретін мектептерінен 25 физика пәнінің мұғалімдері қатысты.