Тиімді оқыту мен оқу-сапалы білім кепілі.
Темірбек Қожакеев атындағы № 39 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының бастауыш сынып бірлестігі мұғалімдері серіктес мектептер арасында «Тиімді оқыту мен оқу – сапалы білім кепілі» атты аудандық семинар-практикум өткізді.Семинарға 26 мұғалім қатысты.
Семинардың тақырыбы:Тиімді оқыту мен оқу-сапалы білім кепілі.Мақсаты:Жаңартылған білім беру мазмұны аясында тиімді оқыту мен оқу әдістерін пайдалана отырып,мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру және оны оқыту үрдісінде қолдану әдістемесімен тәжірибе алмасу.
Семинарды мектеп директоры А.А. Қалқабаева ашып беріп,директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Г.Ж.Абилдаева «Тиімді оқыту мен оқу тәсілдері» тақырыбында баяндама оқыды.Темірғалиқызы Балжан мен Қалыкулова Маншүк математика пәнінен,Бөртебаева Гүлнұр жаратылыстану пәнінен, Тян Маргарита орыс сыныбында «обучение грамоте» пәнінен,Кириенко Алексей бастауыш сыныбында информатика пәнінентиімді әдіс тәсілдерді пайдалана отырып сакбақ көрсетті.Семинарға келген мұғалімдер сабақтардан керемет әсер алғандарын айтып,мұғалімдерге алғыстарын білдірді.4 - сынып оқушылары Кеңесбай Асхат жетекшілік ететін робототехника үйірмесінде жасаған роботтарын қорғап шықты.Семинар соңында Ниетбаева Феруза мен Қалыкулова Мәншүк « Бастауыш сыныпта математика пәнінен логикалық есептерді шешу тәсілдері» тақырыбында шеберлік сынып өткізді.Қатысушылар қызығушылықпен атсалысып,тәжірибе алмасты.Кері байланыс жүргізілгенде семинардан көп нәрсе үйренгендерін айтып алғыс білдіріді.Жалпы жоғары дәрежеде өтті деп бағаланды.