30
март
2022
Мейірімділік-асыл қасиет!
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында мектептегі әлеуметтік санаттағы отбасы балаларына әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында "ММ Меркі" сауда үйіндегі ойын - сауық орталығының басшысы Рахымбаева Махаббат ханым демеушілік көрсетті. Мектеп оқушылары "ММ Меркі" сауда үйіндегі ойын - сауық орталығында ойнап, түскі астарын ішіп мәз-мейрам болып, көңілді қайтты. Оқушыларымызға көңілді күй сыйлаған "ММ Меркі" сауда үйіндегі ойын - сауық орталығының басшысы Рахымбаева Махаббат ханымға мектеп әкімшілігі мен ата - аналар тарапынан үлкен алғысымызды білдіреміз!!!


