Түрлі санатта есепте тұрған отбасы балаларын әлеуметтік қолдау мақсатында акция өткізілді.
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында түрлі санатта есепте тұрған отбасы балаларын әлеуметтік қолдау мақсатында өткізілген акцияның анықтамасы
Меркі ауылы 24.02.2021 жыл
Т.Қожакеев атындағы №39 ЖОББМГ 1 -наурыз «Алғыс айту» күніне орай өткізілген жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларын әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында «Мейірімді жүрек – жылы тілек» қайырымдылық акциясы өткізілді. Акцияны мектептің әлеуметтік педагогтары және қамқоршылық кеңес мүшесі Айман Жүрсіналиева ұйымдастырып, өткізді. мектептегі аз қамтылған, жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және жайсыз отбасы балалары қамтылды.
Мақсаты: балаларды мейірімділікке, достыққа, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру арқылы сұлулықты сезіне білуге, дүниетанымдарын кеңейтуге баулу.
Барысы: аудандық тарихи мұражай директоры А.Жүрсіналиева мектеп оқушыларын ауданымыздың ұлттық мұражайына экскурсия жасатты. Экскурсия барысында балаларды мұражай ішіндегі ауданымыздың тарихымен, табиғатымен, тыныс-тіршілігімен және ұлттық құндылықтармен таныстырды. Мұражайдан шыққан соң орталықтағы «ММ» сауда үйінде орналасқан балалар ойын-сауық орталығына қыдырып, көңіл көтерді. Соңынан балаларға тәттілер, сусындар үлестірілді. Нәтижесінде балалар ерекше қуанышқа бөленіп, үйлеріне көңілді оралды.