11
апрель
2022
«Өз өмірің,өз қолыңда!», «Өмір деген ғажайып,өмір деген тамаша!», «Мен өмірді сүйемін!» тақырыптарында оқушыларымен психологиялық тренингтер жүргізілді.
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында білім алушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған «Суицидалдық мінез-құлыққа бейімділікті анықтау» көктемгі айлығы барысында мектеп педагог-психологтарының ұйымдастыруымен «Өз өмірің,өз қолыңда!», «Өмір деген ғажайып,өмір деген тамаша!», «Мен өмірді сүйемін!» тақырыптарында 5-7сынып, 8-11 сынып оқушыларымен психологиялық тренингтер жүргізілді.
Мақсаты: Позитивті қарым-қатынас,тілдесудің коммуникативті амалдарын дамыту мен өмірге деген құлшыныстары мен қызығушылықтарын арттыру.
Нәтижесінде тренингке қатысушыладың көңіл-күйлері көтеріліп,бір-бірін жақын тану мен жағымды көңіл-күйлері қалыптасты,оқушыларға психологиялық қолдау көрсетілді.