19
май
2022
Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Мамыр айының 19 күні Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде осы мәселелер қаралды. Мектеп директорының 2021-2022 оқу жылы барысында атқарылған жұмыстарының есебі бойынша қорытынды есеп жасалды. Есеп барысында мектеп оқушыларының білім сапасын арттыру, мемлекеттік стандартты орындау бағытындағы нақты іс - шаралардың нәтижелерімен таныстырып өтті. Сонымен қатар өмір қауіпсіздігі мен жемқорлық тәуекелдерін алдын - алу бойынша атқарылған жұмыстар тыңдалып, ата - аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қамқоршылық кеңес мүшелерімен мектеп ата - аналары мектеп директорының есебіне оң баға берді.