08
октябрь
2021
Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Қазан айының 8-і күні Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде мектеп басшысы А.А.Қалқабаеваның атқарылған жұмыстар есебі тыңдалды. Атқарылған жұмыстар бойынша білім сапасы, мектеп ұстаздарымен білім алушылардың жетістіктері, Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы, мектептің демеушілер тарапынан аз қамтылған отбасыларға берілген материалдық көмектің қорытындысы, жылу қазандығының жылыту маусымына дайындығы, туралы мәселелер айтылды. Отырыс соңында биылғы оқу жылында білім сапасын көтеру мақсатында білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыру, аз қамтылған отбасы балаларына материалдық көмек көрсетуді жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылды.