08
октябрь
2021
Қамқоршылық кеңес отырысының өтуі туралы Анықтама
Т.Қожакеев атындағы №39 ЖОББМГ жанындағы Қамқоршылық кеңес отырысының өтуі туралы
Анықтама
Меркі ауылы 08.10.2021 жыл
2021 жылдың 8 қазанында Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында мектеп жанынан құрылған Қамқоршылық кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Отырысқа кеңес төрайымы Э.Дуйсенова мен кеңес мүшелері, хатшысы, мектеп инспекторы және мектеп директоры қатысты.
Мақсаты: Т.Қожакеев атындағы №39 ЖОББМГ директорымен мектеп инспекторының Қамқоршылық кеңес алдында жылдық қорытынды есебін тыңдау.
Көтерілген мәселе:
- Мектеп басшысының атқарылған жұмыстар есебі.
- «Мектепке жол» акциясында аз қамтылған отбасы балаларына және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға көрсетілген материалдық көмектің қорытындысы.
- 1-11 сынып оқушыларының және аз қамтылған отбасы оқушыларының ыстық тамақпен қамтылуы.
- Мектеп білім алушыларының өмір қауіпсіздігінің сақталу жағдайы.
Отырыста жоғарыдағы бес мәселе қаралып, Қамқошылық кеңес мүшелерінің қатысуымен шешімі шығарылды.