«Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі; Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігі; Жасөспірімдер нашақорлығы;» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында 1 қыркүйек - Білім күніне орай құқықтық сауаттылықты арттыру, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Жамбыл облысы полиция департаментінің №4-1-10/1006-4 хатын басшылыққа ала отырып, 7-11 сынып білім алушылары арасында кездесу өткізілді. Кездесуге Меркі аудандық полиция бөлімінің аға тергеушісі полиция майоры Ө.Садыков, Меркі аудандық полиция бөлімінің аға учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Ж.Исаев, Меркі аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Г.Килебаева қатысты. Кездесуде «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі; Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігі; Жасөспірімдер нашақорлығы;» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.