15
сентябрь
2022
"Қазақ халқының рухани көсемі" тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
Темірбек Қожакеев атындағы № 39 ЖОББМГ кітапханасында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай Қыркүйек айында " Қазақ халқының рухани көсемі" тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларға қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы туралы мағлұматпен таныстыра отырып, сын тұрғысынан ойлауға, өз пікірін ашық айтуға үйрету. Ақын өмірін үлгі ету, өз елін сүюге, оның көркеюіне қосуға тәрбиелеу.Ахмет Байтұрсынұлы қазіргыі(15.1.1872 Қостанай облысы,Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы 8.12.1937 Алматы қаласы)- қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тілі білімі мен әдебиетанну ғылымдарының негізін салушы ғалым,ұлттық жазудың реформаторы,ағартушы. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды,халықтың арын іздеп,өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тікті. Мұхтар Әуезов былай депты: Ахан ашқан қазақ мектебі, Ахан түрлеген ана тілі, Ахан салған әдебиеттегі елшілдік ұраны-"Қырық мысал","Маса","Қазақ" газетінің қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білімі, саясат жолындағы қажымаған қайраты біз ұмытсақ та тарих ұмытпайтын істер болатын.Дайындаған кітапхана меңгерушісі: Макаева А.Т.