15
сентябрь
2022
Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықпен қылмыстың және жол-көлік жарақаттарының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
2022 жылдың 15 қыркүйегінде Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында 6-11 сыныптың ұлдарымен кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықпен қылмыстың және жол-көлік жарақаттарының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру жұмыстарына Меркі аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Г.Килебаева; директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Талпакова А.С; директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанаханова Р.Ж., және мектеп медбикесі Бабаева А қатысты. Оқушыларға «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі; Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігі; Жасөспірімдер нашақорлығы;» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар жасөспірімдердің бойындағы мінез-құлықтарының өзгеруі, физиологиялық ерекшеліктері, тазалық және бөтен адамдармен сөйлесудің қауіп-қатері жайлы; «Оқушылар арасында тәртіпсіздікті болдырмаудың тиімді жолдары мен кәмелетке толмағандардың бейәлеуметтік мінез-құлқының алдын алу» жан-жақты айтылды.