16
ноябрь
2022
"Әуелеген әсем ән"тақырыбында ашық сабақ өтті.
16.11.2022 ж. Темірбек Қожакеев атындағы №39 ЖОББМГ-да музыка пәнінің мұғалімі Берманова Құралай Баянқызы 4 "в"сынып оқушыларымен музыка пәнінен "Әуелеген әсем ән"тақырыбында ашық сабақ өтті.Сабақ мақсатына жетуге бағытталған тапсырмалармен жоспарланған.Оқушылар «Домбырасыз сән қайда » әнімен сыныпқа кіруімен басталып, «Мен кіммін?» әдісі бойынша өздерін таныстырып өтті. «Терме», «Жыр», «Ән» сөздері жазылған қағаз қиындылары арқылы топқа бөлініп, өз атауларына байланысты кластер қолданылды. Музыка жанрларын ажырата біліп, топпен бірігіп жұмыс жасалынып, тиімді таныстырылым жасай алды. Жаңа сабақта Естай Беркінбайұлының өмірі мен шығармашылығы, «Құсни-Қорлан» әнінің шығу тарихымен таныстырылып, «Миға шабуыл» әдісі бойынша,«Зерттеу» тапсырмасы бойынша топтастыра жұмыс жасады. Әрбір тапсырма соңында қалыптастырушы бағалау беріп, өз ойларын жеткізіп ,бағаланды . Ұжымдық,топтық және жұптық тапсырмаларды орындау ,сабақтың тиімді өтуіне зор ықпалын тигізді.