16
январь
2023
«Құқықтық тәрбие-құқық бұзушылықтың алдын алуды бақылау»
Меркі ауданының білім бөлімінің Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында 15.01.2023 жылында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейту және «Құқықтық тәрбие-құқық бұзушылықтың алдын алуды бақылау», оқушылар арасында зорлық-зомбылық пен кибербуллингке, буллингке жол бермеу бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейту мақсатында мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.С. Талпакова мен мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Ж.Жанаханова 5-11 сынып жетекшілеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді. «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!», «Детство без жестокости и насилия», «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ!», «Кибербуллингтің зардаптары», «Кибербуллинг интернет қауіпсіздігі», жолда жүру ережесіне байланысты және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша оқу жаттығулары мен тәрбие сағаттары өткізілді. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастыруда (оның ішінде зорлық-зомбылықты, өртті, терезеден құлауды, кездейсоқ суға батуды, қыс мезгіліндегі қауіпсіздік, жарақаттануды, төтенше жағдайларды, жол-көлік оқиғаларын, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау)түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Балаларды кибербуллинг пен киберқылмыстан қорғау бойынша бейнероликтер, инфографикалар, постерлер әзірленді.