«Бала құқығы – басты құндылықтардың бірі» тақырыбында мектеп мұғалімдерімен семинар өткізілді
Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі-балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Осы орайда Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында «Құқықтық тәрбие-құқықбұзушылықтың алдын алу» айлығы аясында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және профилактикалық қауіпсіздік шараларын жетілдіру мақсатында «Бала құқығы – басты құндылықтардың бірі» тақырыбында мектеп мұғалімдерімен семинар өткізілді. Семинар барысында Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясының директоры ТлеубердиеваГ.Е жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың, нашақорлықтың, интернет қауіпсіздігі мен суицид, зорлық-зомбылық, ерте жүктіліктің алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу-қоғамның басты міндеті екенін айта келе ата-анамен байланысты күшейте отырып, бірлесе жұмыс жасау керектігін және шешу жолдарын айтып өтті. Директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Талпакова А.С мен тарих пәнінің мұғалімі Б.Самбетов «Бала құқықтары туралы конвенцияға» қысқаша шолу жасап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мектеп мұғалімдері педагогикалық жағдаяттар бойынша өз ойларындағы сұрақтарға жан-жақты жауап алып, біршама мәліметтермен танысты. Семинар барысында мектеп психологтары Асубаева Г, Ахметова Э. мұғалімдермен сергіту сәтін өткізді. Жас ұрпақты жан-жақты да, жарасымды ұрпақ етіп тәрбиелеу ата-ана мен мектеп тарапынан үздіксіз жүргізілетін процесс екендігін естен шығармайық!