13
сентябрь
2022
Бейіналды сыныптарда оқушылардың қолданбалы, таңдау курстарын дұрыс таңдауына кеңес беру бойынша пікірлесу ұйымдастырылды.
2022-2023 оқу жылының қыркүйек айының 13күні Темірбек Қожакеев атындағы 39 жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында болашақ мамандыққа қажетті білім алуға ықпал ету және бағыт- бағдар беру мақсатында бейіналды сыныптарда оқушылардың қолданбалы, таңдау курстарын дұрыс таңдауына кеңес беру бойынша пікірлесу ұйымдастырылды. Пікірлесу барысында мектеп директоры Г.Е. Тлеубердиева, оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Талпакова және Бейімдік оқыту жөніндегі орынбасары Балабеков Ф. қоғамдық- гуманитарлық, жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдері оқушылардың таңдаған мамандықтарына қажетті қолданбалы, таңдау курстарын оқуға бағыт- бағдар берді. Осы тұрғыда филология, шығармашылық тұрғыдан таңдалған мамандық таңдаған оқушыларға гуманитарлық пәндерді тереңірек оқуға, техникалық бағыттағы кәсіпті болашақта таңдаған оқушылар жаратылыстану пәндер бойынша курстарды таңдауды ұсынды. Пікірлесу барысындағы кеңестер мен ұсынымдар өте пайдалы ақпараттармен қамтылды.