14
декабрь
2022
Сауалнама жүргізілді.
Темірбек Қожакеев атындағы 39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында әр тоқсан сайын ата- аналардың мектептің білім беру жүйесін бағалау көрсеткішін анықтау мақсатында мектеп психологтары әр тоқсан сайын сауалнамалар алып, қорытындысын мониторинг түрінде анықтап отыр. Осы тұрғыда ата- аналарға арналған сауалнамада мектептегі білім жүйесіне қанағаттану, оқу процесінің ұйымдастырылу сапасы, оқушылардың білім сапасына көзқарасы, жаңартылған білім беру жүйесінің артықшылығы немесе кемшілігі,т.б сұрақтар берілді. Сауалнамаға жалпы 350 ата- ана өз еріктерімен қатыстырылды. Нәтижесінде мектептің білім беру жүйесіне ата-аналар тарапынан 100% қанағаттанарлық жауап алынды.