20
сентябрь
2018
№39 Т.Қожакеев атындағы ЖББМГ директоры А.А.Қалқабаеваның 2017-2018 оқу жылындағы атқарылған іс-шаралар туралы қамқоршылық кеңес алдындағы есебі
Құрметті ата-аналар, ұстаздар!
Тәуелсіз елдің негізгі тірегі-білімді ұрпақ. Қазіргі таңда білімдінің алға түсіп, бәйгеден озып келетін заманы енді туды. Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты- білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу.
№39 Темірбек Қожакеев атындағы жалпы мектеп-гимназиясының алдына қойып отырған мақсаты - инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытында жеке тұлғаға жүйелі, нақты білім беру
2017-2018 оқу жылында 1230 оқушы білім алды. 62 сынып комплект, 6 мектепалды даярлық тобы болды. 1-4 сыныпта 545 оқушы, 5-8 сыныпта - , 9-11 сыныптарда – оқушы білім алса, оның пайызы үздік атанды. Сонымен қатар, мекемеде 110 мұғалім және 40 жұмысшы қызмет атқарды..
Ұстаздардың жетістігі әдістемелік бірлестік отырыстарында рейтинг бойынша қаралып, біліктілігі мен білімін шыңдай білген ұстаздардың шығармашылық есебі беріліп отырады. Жаңартылған білім мазмұнына сай семинарлар, үштілділік бойынша атаулы іс-шаралар, ұстаздар мен оқушылар арасында оқу курстары өткізілуде.
Мектептің материалдық техникалық базасы, қауіпсіздік техникалық жағдайы нормативтік - құқықтық акті бойынша жабдықталынған. Оқу алаңы санитарлық нормативке , өрт қауіпсіздігі талабына сай. Оқу кабинеттері – 48 ,лингофон кабинеті – 4, информатика кабинеті–3, мультимедия кабинеті – 2, робоотехника кабинеті-1.
Спорт зал, кітапхана, медициналық бөлме, асхана, акт залы қажетті құрал жабдықтармен жабдықталған. Сонымен қатар, мектепте жұмыс жасауға қолайлы жағдайлар жасалынып, 5 кабинетке мультимедиялық құралдар алынып, 3-аристон су жылыту жабдығы, қосымша су құбыры жасақталып, қалдық суларды тазарту насостары т.б құралдармен жабдықталды. Мектеп ауласын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, күз айларында 50 шырша, 100 түп қарағай егілсе, көктем мезгіліне қарай жасыл шырша ағаштары , 100 түп жеміс ағашы егілді.
Мектептің өрт және техника қауіпсіздігі талапқа сай сақталынып, бұйрық негізінде жағдайлардың алдын алу мақсатында жауапты адамдар тағайындалып, іс-шаралар жүзеге асырылуда. Техника қауіпсіздігі мен өрт қауіпсізідігін сақтау құралдары жеткілікті, талапқа сай орналастырылған. Ережелерді сақтау, жағдайлардың алдын алу оқу жаттығулары оқушылар мен ұстаздар арасында тоқсанына 1 рет жүргізілуде.
Оқушылардың ата-аналары мен ұстаздар тарапынан еңбек тәртібіне немесе білім жүйесіне байланысты арыз-шағымдар түскен жоқ. Сонымен қатар педагогикалық ұжым тарапынан еңбек тәртібін бұзушылық әрекеттер байқалмады.
Елбасымыз айтқандай, біздің ортақ басты мақсатымыз- әлеуметтік қауіпсіздік және азаматтарымыздың бақуаттығы. Бұл қоғамдағы тұрақтылықтың ең жақсы кепілі. Осыған байланысты № 39 Темірбек Қожакеев атындағы жалпы білім беретін мектеп – гимназиясының қызметкерлері мемлекеттің дамуына өз үлестерін қосады деп сенім білдіремін
Атап айтсақ; 2016 оқу жылында 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» Республикалық акциясы ұйымдастырылып, акция барысында аз қамсыздандырылған, тұл жетім, жартылай жетім, көп балалы отбасынан шыққан оқушылардың әлеуметтік жағдайы зерттелініп, нәтижесінде 34 оқушы анықталды. Осы оқушыларға 500.000 теңге көлемінде жергілікті демеушілер мен меценаттар көмек көрсетіп, оқу формалары, оқу құралдар, аяқ киімдер мен спортық киімдер алып берілді. Демеушілерді атап айтсақ; С Жүнісова, М.Қыпшақбаева, М.Қожакеев, Б.Мықтыбаев, А.Жүнісалиева, Б.Құралбаев, Ө.Кемелбеков, Ш.Сейдхан, Қ.Хантөре, А.Алимкулова, Е.Сарыбаев, М .Лекеров , Б.Рахимбаев. т.б.
Қыркүйек айында «Қамқорлық акциясы» ұйымдастырылып, жергелікті демеушілер мен меценаттар тарапынан жиналған 30.000 теңге қаржыға материалдық көмек қажет оқушыларға оқу құралдары берілді. Қаңтар айында «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық концерті ұйымдастырылып, одан жиналған 80000 теңге қаражатқа аз қамсыздандырылған оқушыларға оқу құралдары алынып берілсе, үйде оқытылатын , мүмкіншілігі шектеулі 7 сынып оқушысы Д.Нүсіпбековке Тараз қаласында өткізілген «Жұлдыз-ай» фестиваліне қатысу үшін материалдық көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, мектептің қоғамдық және мерекелік іс-шараларына да ата-аналар тарапынан белсенділік танытып, «жаңа жыл» кешінің ұйымдастырылуына демеушілік көрсетілді. Көктем мезгілінде ата-аналар тарапынан мектеп ауласында 250 түп көшеттер мен 200-ге жуық гүлдер отырғызылды.