Ата-ана, ұстаз, оқушы: болашаққа арналған ынтымақтастық » СШГ №39 имени Темирбека Кожакеева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Темірбек қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-55-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-ана, ұстаз, оқушы: болашаққа арналған ынтымақтастық
31
май
2023

Ата-ана, ұстаз, оқушы: болашаққа арналған ынтымақтастық

    31 мамыр Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 1-маусым Балаларды қорғау күні қарсаңында "Ата-ана, ұстаз, оқушы: болашаққа арналған ынтымақтастық" тақырыбында ата-аналарға арналған кеш болып өтті. 2022-2023 оқу жылындағы мектеп жетістіктерімен мектеп директоры Тлеубердиева Г.Е. өз баяндамасында таныстырып өтіп, ал кеш қонақтары Меркі аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі  Бопиева С.Т. және ата-аналар ақ тілектерін білдірді. Жиналған ата-аналар мен қонақтар алдында мектеп оқушыларынан құралған оркестр "Балбырауын", "Ерке сылқым" күйлерін тартса, өнерлі биші-әнші оқушылар, көркем сөз шеберлері өнерлерін көрсетіп, соңында дарындылар шеруі кешті аяқтады. Сонымен қатар мектеп ата-аналарына балалардың қолымен жасалған түрлі тақырыптардағы көрме ұйымдастырылды. Мектеп ұстаздары мен оқушылардың жетістіктерімен жақын танысқан ата-аналар мектеп ұжымына өз ризашылықтарын білдіріп, ақ тілектерін арнады.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив