19
январь
2024
6-сынып оқушыларының ата-аналарымен «Бұлақ көрсең, көзін аш. Шығармашыл тұлғаны тәрбиелейміз» атты жиналыс өткізілді.
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша берекелі отбасы мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында ашылған «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының мектепішілік жоспарына орай 6-сынып оқушыларының ата-аналарымен «Бұлақ көрсең, көзін аш. Шығармашыл тұлғаны тәрбиелейміз» атты жиналыс өткізілді. Ұйымдастырушылар: 6-сынып жетекшілері Г.К.Сейтимбетова, А.Ноғайбекова. Мақсаты: Ата-аналардың баланың шығармашылық қабілетін дамтыу дағдыларын қалыптастыру. Сабақ басында тақырыпқа сай бейнеролик, бейнесюжет көрсетілді. Ата-аналар әуезді сазбен әрленген «Жаз келді» өлеңін тыңдап, өлең мазмұны бойынша сурет салып, оған тақырып қойып, сурет мазмұны негізінде әңгіме құрастырды. Тренинг-сабақтан ата-аналар жақсы әсер алды.