08
сентябрь
2020
Жолдау-2020
Қыркүйек айының
8 күні Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясына облыстық білім басқармасының басшысы Гүлнәр Махайқызы Ходжабергенова келді. Гүлнәр Махайқызы мектептің көрсеткіштері мен жетістіктері туралы мәлімет алып, мектептің жаңа оқу жылына дайындығы мен жаңа оқу жоспарымен танысты.
Сонымен қатар, Гүлнәр Махайқызы мектептегі Темірбек Қожакеевке арналған мұражайды аралап, жазушының өмірі мен шығармашылығымен танысып, келесі кезекте әдебиетіміздің ордасы - мектеп кітапханасына шолу жасап, әдеби кітаптардың қолжетімді екеніне көз жеткізді. Соңғы кезекте, еліміздің Президенті Қасымжомарт Тоқаев Кемелұлының Қазақстан халқына жолдаған "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" тақырыбындағы жолдауын мектеп ұжымына, бала-бақша меңгерушілеріне насихаттау мақсатында егжей-тегжей таныстырып, ұстаздарға ризашылығын білдірді.