«Мөлдір бұлақ» журналының қызметкерлерімен кездесу кеші
«Мөлдір бұлақ» журналының қызметкерлерімен кездесу кешінің сценарийі.
Фан-фар беріліп жүргізуші шығады.
Жүргізуші - Жексенбі Әділет: Армысыздар ардақты өнерсүйер қауым. Құрметті қонақтар, мектеп ұстаздары, ата-аналар жәнеоқушылар! 2016 жыл мектебімізде айтулы мерекелі жыл болды. Қазақстанның еңбексіңірген қайраткері, Қазақстанның жоғарғы мектебі, ғылым академиясының академигі, Әл-Фараби атындағыҚазақ Мемлекеттік ҰлттықУниверситетінің мерзімді баспасөзкафедрасының меңгерушісі, профессор, ұстаз, журналист, ғалым, әдебиеттанушы,сатирик, жерлесіміз ТемірбекҚожакеев 90 жас мерей тойын атап өттік . Осы торқалы 90 жасмерей тойына орай мектебімізге «Мөлдір бұлақ» журналының қызметкерлері мен Темірбек Қожакеев атамыздың шәкірттері жергілікті «Меркі тынысы» және «Меркі ақиқат» газеттерінің қызметкерлері бүгін біздің мектебімізде қонақта. Олай болса бүгінгі қонақтармен таныс болыңыздар:
1.Кучукова ЖанастанТұрсынқызы-«Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері;
2.Саят Қамшыгер- «Мөлдір бұлақ» республикалық жас зиялыларға арналған танымдық журналының бас редакторының орынбасары, ақын, «Серпер» сыйлығының лауреаты;
3.Исаева Әтіркүл Тәжібекқызы - «Меркі тынысы» газетінің бас редакторы;
4.Құралбаев Серік Құралбайұлы - «Меркі ақиқат» газетінің бас редакторы;
5.Таңатова Гүлнәр Қойшыманқызы – аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі.
Жүргізуші - Жексенбі Әділет: Бүгінгі кездесу кешінің мақсаты: «Мөлдір бұлақ» республикалық жас зиялыларға арналған танымдық журналының толықтай тыныс тіршілігімен танысып, және «Мөлдір бұлақ» журналымен мектебіміздің оқушыларының арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Осы мақсаттағы кешіміздің алғашқы құттықтау сөзі № 39Темірбек Қожакеев атындағы орта мектеп – гимназиясының директорыСейткулова Кульяш Бекқұлқызына беріледі.
Келесі сөз «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Кучукова Жанастан Тұрсынқызына беріледі.
Жүргізуші - Жексенбі Әділет: № 39 Темірбек Қожакеев атындағы орта мектеп- гимназиясының тарихына қысқаша тоқтала кетсек. Бұл білім ордасының негізі 2005 жылы қаланған, алғашқы және қазіргі директоры Сейткулова Кульяш Бекқұлқызы он жылдан астам уақыт бойы мектептің білікті де білімді ұстаздарымен шығармашылықты шыңдай отырып, шәкірттерінің биік шыңдардан көрінуіне ықпал ете отыра, мектептің даңқын облыс, республика, халықаралық байқаулар мен жарыстар және олимпиадаларда дәлелдеп отыр. Атап айтсақ 2010- 2011, 2011- 2012 жылдары аралығында мектебіміз «республикадағы ең үздік 100 мектептің» қатарына енсе, он жыл бойы ҰБТ бойынша аудандағы алдыңғы қатарлы орынды иеленді. 2012 жылы мектебіміз Елбасымыздың «100 мектеп, 100 балабақша, аурухана» бағдарламасы аясында жаңағимаратқа көшіріліп, 2015жылы профессор, Қазақ ұлттық мемлекеттік Университеттің журналистика факультетінің деканы, сатирик майталманы Темірбек Қожакеевтің есімі берілді. Ортаға«Қожаккетанушылар» әдеби – танымдық клубының мүшелерін шақыра отырып, осы айтулы азаматтың өмір баянына зер салсақ. \ортаға Бәкірбай ортаға Бәкірбай Нұрзат, Жора Диас, Рахат Жансая шығып Темірбек Қожакеев туралы үш тілде мәлімет береді.\
Жүргізуші - Жексенбі Әділет: Темірбек Қожакеев ұстаздық еткен жылдырда өз шәкірттеріне ағалық ақылын, бауырмашыл жанашырын сөзбен емес, іспен көрсетіп, оны өзі өмірден өтсе де, көз көргендер аңыз етіп айтуда. Осындай өмірінен алынған бір оқиғаны сахналық қойылымды сіздердің назарларыңызға ұсынсақ. \орындайтын «Қожакеевтанушылар» әдеби- танымдық клубының мүшелері.\
Жүргізуші - Жексенбі Әділет: Бүгінгі кешімізде Темірбек атамыздың шәкірттері де қонақта. Сөз кезегі өздеріңізде.\шәкірттеріне сөз беріледі.\
Жүргізуші - Жексенбі Әділет: Енді біздің мектебіміздің оқушылары «Мөлдір бұлақ» журналының сүйікті оқырмандары, ата-аналар, ұстаздар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ізгі тілектерін білдіргісі келеді. Осы орайда «Сыр сұхбат» кезеңіне берсек.
Есеркепов Темірлан:«Қожакеевтанушылар» әдеби –танымдық клубының мүшесі: Осы жылға дейінгі «Мөлдір бұлақ» журналының рекорттық тиражы қанша болды?
Жауап: 42мың
Әшімхан Назерке:«Қожакеевтанушылар» әдеби –танымдық клубының мүшесі:
Жүргізуші - Жексенбі Әділет:
Қазақта сөз бар болса ол ақының,
Рух пен тілге бір табан ол жақының.
Темірбек атамдеп жүрек жарды,
Жырымен келді ортаға арлы ақының.
Мектебіміздің жас ақындары сөздің майын, сөздің қадірін бір кісідей түсініп жүрген таланттардың Темірбек Қожакеевке арнаған жыр- шумақтарына кезек берсек.
Ортада «Қожакеевтанушылар» әдеби –танымдық клубының жас ақындары Марклен Ердос, Жүніс Ілияс, Уребай Нурали, Байтас Бек.
Жүргізуші - Жексенбі Әділет:
Келесі кезекте мектебіміздің «Шұғыла» би үйірмесінің бишілерінің «Шашу» биін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші - Жексенбі Әділет:
Қадірлі қонахалықаралық , республикалық ән байқаулардың жеңімпазы Серікбай Алибатырдың орындауында «Жаным Қазақ» әні.
Қорытынды: Ізгілік әлеміәділетті, пәктікті, адалдықты, имандылық пен мейірбандылықты, жүрек лүпілінентуған жырлардан тереңтүсініп, кемел ұғатынымыз өтірікемес. Қазақ елі ешқашанда талантты тұлғаларданжұрдай қалмайтынына жәнеде біз ТемірбекҚожакеев –тағылымы терең тәлімгер, талантты ұстаз, басшылық қабілетімықты, жас таланттарды танибілетін декан ТемірбекҚожакеев жөнінде біразәңгіме қозғадық. Оларды шығарыпайтып та, жазып та жүретінөзінің шәкірттері –журналистер қауымы. 1970 жылдарданбастап осы күнгедейін, аттары әйгілі барлықжурналистер Тымекеннің « Шепкенінен шыққан» шәкірттер. Өйткені, ол кездежурналистер дайындайтын бір-ақжоғары оқу орныболатын. Ол-С.М.Кироватындағы Қазақ мемлекеттікуниверситет, қазіргіӘл-Фараби атындағы ҚазақМемлекеттік Ұлттық университеті. Бүгінгі сыр-сұхбаткешіміз өз жалғасыносы мектептің актзалында жалғасын табады.