26
апрель
2024
9-11 сынып оқушылармен құқықтық тақырыпта (құқық бұзушылық және жауапкершілік, жол-көлік қауіпсіздігі, жасөспірімдермен және оларға қатысты қылмыстың, жыныстық тиіспеушілікке және т.б.) зорлық-зомбылқтың алдын алу, буллинг, кибербуллинг тақырыптарын
2024 жылдың 25 сәуір күні Меркі АПБ-нің басшы құрамы, КПБ, ЖПҚб УПИ және ЮПТ-ның қызметкерлермен Темірбек Қожакеев атындағы №39 ЖББОМГ-ның 9-11 сынып оқушылармен құқықтық тақырыпта (құқық бұзушылық және жауапкершілік, жол-көлік қауіпсіздігі, жасөспірімдермен және оларға қатысты қылмыстың, жыныстық тиіспеушілікке және т.б.) зорлық-зомбылқтың алдын алу, буллинг, кибербуллинг тақырыптарында кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты: Құқықбұзушылықтың алдыналу, қылмыстық іс әрекеттерді болдырмау және құқықтық тәрбие беру. Құқықтық мәдениетін қалыптастыра отырып, құқықтық сауаттылығын арттыру. Кездесуге мектеп директоры Г.Е.Тлеубердиева, ЮПТ полиция капитаны Г.Килебаева, МАОА ЖТД Шартаков Шынғысхан Орынбекович, МАОА акушер-гинекологі Абылхаир Айгерим Шымырхановна және Жастар ұшқын орталығының психологтары: Метеркулова Аяулым Нұрлановна, Жанабаев Еркебұлан Маратович, ЗОЖ медбике Баялиева Макпал қатысты. Кездесу барысында қызбалаларға және ұлбалаларға жеке-жеке түсіндіру жұмыстары жүргізілді.