04
октябрь
2024
Эссе жазу байқауы
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында мұғалімдер күні мерекесіне орай «Мектебің алтын ұяң жарқыраған, Ұстазың бұлақ көзі сарқыраған» тақырыбында 8-10 сыныптар арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері эссе жазу байқауын ұйымдастырып өткізді. Мақсаты: Білім алушылардың өз мектебіне, алғаш әріп танытып, өмірдің қыр сырын білуге, сан қилы құбылыстарын терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниесіне нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған ұстаз бейнесін қағаз бетіне түсіру.
Осыған орай 8-10 сынып білім алушылары эссе жазу барысында өз мектебі мен ұстаздары туралы ойларын нақты, тереңірек жеткізе білген. Барлық жазба жұмыстары (эссе) талапқа сай жазылған. Нәтижесінде өзіндік көзқарасын, сыни ойын жетілдіріп, ұстанымын дәлелді бекіту үшін жан-жақты ізденіп, ой жүйесінің бірізділігін сақтаудағы сөз оралымдарын тиімді қолданған білім алушылардың жазба жұмыстары бағаланды.