18
октябрь
2024
Ата-аналарға педагокалық қолдау орталығының қызметімен таныстырылым
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында ата-аналарды педагокалық қолдау орталығының қызметімен таныстырылым жүргізілді. Ата-аналарды педагокалық қолдау орталығының мақсаты балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту. Мектебімізде "Аталар мектебі", "Әжелер мектебі", "Ағалар мектебі", "Жеңгелер мектебі" құрамы бекітіліп, алдағы жұмыс жоспарымен таныстырылды. Таныстырылым соңында мектеп психологтары Б.Назымбекова, Э.Ахметова «Балаға жылулық» және «Ғаламтор әлеміне қауіпсіз саяхат» тақырыптарында тренинг жүргізіп, ата-аналарды педагогикалық қолдауға арналған бағдарламасына сәйкес 1-11 сынып ата-аналарына сабақтар өткізілді.