04
февраль
2025
«Мектеп формасына қойылатын талаптар» тақырыбында ақпараттандыру жұмысы жүргізілді
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында мектеп формасының классикалық киім үлгісін насихаттау және білім берудің зайырлы сипатын қалыптастыру туралы кешенді медиа жоспар аясында «Мектеп формасына қойылатын талаптар» тақырыбында 8 - сынып оқушыларымен «Жас Ұлан» және Өзін-өзі басқару ұйым мүшелерінің қатысуымен ақпараттандыру жұмысы жүргізілді. Кездесуге директордың тәрбие іс жөніндегі орынбасары Ж.Е.Тұрсынов, директордың құқықтық тәрбие іс жөніндегі орынбасары А.Жумагулов, тәлімгер А.Толепбаева, мектеп инспекторы Г.Килибаева қатысты. Ақпараттандыру жұмысының негізгі мақсаты – оқушыларға мектеп формасына қойылатын талаптарды түсіндіру, оның оқу процесіне, тәртіп пен мектеп мәдениетіне тигізетін оң әсерін насихаттау.
Жиын барысында мектеп әкімшілігі мектеп формасының стандарттары, оның оқушылардың сырт келбеті мен тәртібіне ықпалы туралы баяндап, ҚР Білім және ғылым министрлігінің мектеп формасына қатысты талаптарын түсіндірді. Сонымен қатар, оқушыларға классикалық стильдегі мектеп формасының ерекшеліктері, оның зайырлы білім берудегі рөлі туралы ақпарат берілді.
Кездесу барысында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, мектеп формасына қатысты сұрақтарын қойды. Талқылау нәтижесінде мектеп формасының бірыңғай стилін сақтау қажеттілігі және оның оқу үдерісіндегі маңыздылығы атап өтілді.