Хаттама №3 Күн тәртібінде
19 ақпан 2025 жыл
Хаттама №3
Күн тәртібінде
1. Педагогтардың кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезіндегі құқықтары.
2. Педагогтардың көпшілік ортадағы әдеп-этикалық нормаларын сақтауы.
3. Мектептегі педагогикалық әдепті қамтамасыз ету және орындау.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша педагогикалық әдеп кеңесінің төрағасы : &
Педагог жұмыскердің
1) кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогтік қызметпен айналысуға;
2) ғылыми –зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға , педагогтік практикаға жаңа әдістер мен технологияларды енгізуге;
3) өзінің кәсіби ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға;
4) кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге және қажетті жағдайлар жасауға;
5) ғылыми, зерттеу, шығармашылық, эксперименттік қызметті жүзеге асыруға, педогогикалық практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;
6)шығармашылық бастамаларға, оқыту мен тәрбиелеудің авторлық бағдарламаларын әзірлеуге және қолдануға, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа, неғұрлым жетілдірілген әдістерін дамытуға және таратуға;
7) оқу құралдарын, материалды және білім беру бағдарламасына сәйкес оқыту мен тәрбиелеудің өзге де құралдарын таңдауға;
8)білім беру бағдарламаларын, оқу жоспарларын, әдістемелік материалдарды және білім беру қызметінің өзге де құрауыштарын, сондай-ақ, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді және оқу құралдараын әзірлеуге қатысуға;
9) жұмыс орны бойынша сайлануға және сайланбалы лауазымды атқаруға;
10) білім беру сапасын жетілдіруге бағытталған, сондай ақ білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты мәселелерді талқылауға қатысуға;
11) білім беру ұйымының алқалы басқару органдарының, әдістемелік бірлестіктері мен кеңестерінің, өзін-өзі басқару органдарының жұмысына қатысуға;
12) бес жылда кемінде бір рет біліктілігін арттыруға;
13) үздіксіз кәсіби дамуға және біліктілікті арттыру нысандарын таңдауға;
14) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педогогтерін қоспағанда,мерзімінен бұрын біліктілік санатын алуға;
15) ұйымдардағы кітапхананы және ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, сондай-ақ ақпараттық-телекоммуникациялық желілер мен деректер базасына, оқу және әдістемелік материалдарға,кәсіби қызметті сапалы жүзеге асыруға қажетті білім беру қызметін қамтамасыз етудің материалдық-техникалық құралдарына қол жеткізуге;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысандарда және тәртіппен қоғамдық кәсіптік ұйымдарға бірігуге;
17) Қазақстан Республикасының белгіленген тәртіппен және педогогтік қызметке;
18) кәсіби қызметтегі жетістіктері үшін көтермеленуге ;
19) “Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға;
20) педагогикалық әдеп нормалары бұзылған жағдайда Педагогикалық әдеп қағидаларына сәйкес әділ және обьективті қызметтік тергеп-тексеруге;
21) ҚР Заңнамасында айқындалған тәртіппен және шарттарда кәсіби дағдыларды қолдау және арттыру үшін Қазақстан Республикасы Президентінің “Болашақ” халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдамадан өтуге;
22) өзіне қатысты қабылданатын білім беру ұйымы басшысының актілеріне, әрекеттері мен шешімдеріне жоғары тұрған лауазымды адамдарға немесе сотқа шағымдануға;
23) білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата аналары немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан ар-намысы мен қадір-қасиетіне құрмет көрсетілуіне;
24) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.
8-бап.Педогогтің материалдық қамтамасыз етуге құқығы
9-бап. Педогогтің көтермелеуге құқығы
Екінші сұрақ бойынша кеңес мүшесі:&
Педогог тек мұғалім, тренер, тәрбиеші ғана емес, сонымен қатар халық ағартушысы, мәдени құндылықтардың сақтаушысы,лайықты білімді адам. Педагог қоғамдастықтың барлық салаларында өзара әрекеттесудің дұрыс қалыптасуына үлес қосуға тырысады. Педогог жеке өмірде ғана емес, қоғамдық өмірде де жанжалдан, керісуден, аулақ болады. Ол проблемаларды,келіспеушіліктерді болжауға және шешуге бәрінен гөрі дайын, және ол оларды шешудің жолдарын табады. Педогог өзінің азаматтық борышын, әлеуметтік рөлін жақсы түсінеді және ондайды, ерекшеленуден аулақ болады, сонымен бірге ол кез келген таныс емес ортаға түсіп, онымен қосыла кетуден аулақ болуы тиіс.
Үшінші сұрақ бойынша кеңес мүшесі:&
Мектепке дейіні ұйымдағы педагогикалық, әдепті қамтамасыз ету жане сақтау бойынша құрылған Кеңес өз қызметін Казакстан Республикасының «Білім туралы», «Мұғалімнің мәртебесі туралы» заңдарына, осы Ережеге, баска да нормативтік құқықтан актілерге сәйкес жүзеге асырады және объективтілік пен аділеттілік, этика, коғамдык, пікір мен ашықтықты ескеруі тиіс. Жеке және заңды тұлғалар мұғалімдерден, педагогикалық, этиканы сақтауына катысты білім беру ұйымының Педагогикалык, әдеп жөніндегі кеңесіне жүгіне алады.
Педагогикалық, әдеп нормаларын сақтау мәселесін қарастыру кезінде мұғалімнен, құкыктары карастырылып отырған мәселе туралы жазбаша акпарат алу, қарастырылып отырған маселе бойынша барлық, материалдармен танысу, өз құқықтары мен занды мүдделерін заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен жеке өзі немесе Казакстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өкіл аркылы корғау, жазбаша шешім алу, Казакстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кабылданған шешімге шағымдану құқықтарына ие.
Шешімі
Берілген ақпаратты ескере отырып, әрі қарай жұмыстар жалғасын тапсын.
Педагогтардың көпшілік ортадағы әдеп-этикалық, нормалары қатаң сакталсын.
Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық, әдепті қамтамасыз ету жане сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.