11
март
2025
"Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығы" тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында 2025 жылдың 11-ші наурыз күні "Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығы" тақырыбында білім алушылары арасында ақпараттық сағат өткізілді.
Мақсаты:
Оқушыларға қазақ халқының әйгілі композиторы, Қазақстан Республикасының халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың өмір жолы мен шығармашылық мұрасын таныстыру, ұлттық музыкалық құндылықтарға деген сүйіспеншілікті арттыру.
Ақпараттық сағат барысында оқушылар Шәмші Қалдаяқовтың өмірбаянымен, шығармашылық жолымен танысты. Композитордың қазақ вальсінің королі атануы, "Менің Қазақстаным", "Ана туралы жыр", "Арыс жағасында" сынды елге кеңінен танымал әндерінің тарихы мен маңызы талқыланды.
Іс-шарада бейнебаян көрсетіліп, оқушылар Шәмші әндерін орындап, шығармашылық жұмыстары мен әсерлерімен бөлісті. Сонымен қатар, көрме бұрышы ұйымдастырылып, композитордың фотосуреттері мен еңбектеріне шолу жасалды. Ақпараттық сағат оқушылардың ұлттық музыкаға деген қызығушылығын арттырып, өнерге, отансүйгіштікке тәрбиелеуде маңызы зор шара болды.