15
апрель
2025
“Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығының оңтүстік шекараларының нығаюы” тақырыбында ашық сабақ өтті.
2025 жылдың сәуір айының 15-і күні 6”Б” сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен “Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығының оңтүстік шекараларының нығаюы” тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде мұғалім оқушылармен амандасып, түгендеді. Әр топбасшысына бағалау парағын таратылды, бағалау ережесімен таныстырды. Үй тапсырмасын тексеру барысында “Қазыналы сандық тәсілін қолдану арқылы оқушыларға сұрақтар қоя отырып, білімдерін шыңдады. Жаңа сабақ кезеңінде мұғалім тақырыпты, оқу мақсатын таныстырып,”Миға шабуыл” әдісін қолдана отырып ой тудыратын суреттер көрсетіліп сұрақтар қойылды,тақырыптық ақпараттар берілді. Сабақты түсіну барысында оқушыларға топтық, жеке тапсырмалар берілді.Оқушылар постер қорғап, кім жылдам әдісі арқылы тапсырманы орындауда оқушылар өте белсенді, білімді игеру деңгейлері жоғары болды. Сабақты бекіту кезеңінде “Wordwoll” платформасын қолдану арқылы оқушыларға сұрақтар қойылды. Нәтижесінде оқушылар өткен тақырыптағы білімдерімен толықтырды. Кері байланыс орнатуда “Керуен” әдісімен оқушылар сабақты меңгеру деңгейлерін көрсетті. Сабақтың соңында мұғалім бағалау парағы бойынша оқушылардың білімдерін бағалады. Сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушыларға терең білім беріліп, өз мақсатына жетті.
https://www.instagram.com/reel/DIfi6cWsP_1/?igsh=MWEybjc1MHRpcHo3ZA==
https://www.instagram.com/reel/DIfi6cWsP_1/?igsh=MWEybjc1MHRpcHo3ZA==