18
апрель
2025
"Өлеңімен өмірі елге таныс" көрме ұйымдастырылды
Темірбек Қожакеев атындағы № 39 ЖОББМГ - сында Ш.Мамасерікованың 80 жылдығына орай мектеп кітапханасында "Өлеңімен өмірі елге таныс" көрме ұйымдастырылып, тағылым сағаты өткізілді.
Мақсаты:
Шырын Мамасерікова шығармашылығын оқушыларға таныстыра отырып, балалар әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, көркем мәтінді оқу, түсіну, талдау дағдыларын қалыптастыру, ақын сөзі арқылы адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Тағылым сағаты көрме көрсетуден басталды. Онда ақынның өмірбаяны, шығармашылық жолы, балаларға арналған еңбектері жайлы мәліметтер берілді. Оқушылар тағылым сағаттан ақынның өмірі мен әдебиетке қосқан үлесі туралы толыққанды мағлұмат алды. Осы арқылы олар қазақ балалар әдебиетінің шынайы болмысымен жақынырақ танысты. Өз кезегінде оқушылар Шырын Мамасерікованың өлеңдерінен үзінділер оқыды. Соңында оқушылар Ш.Мамасерікова шығармашылығы туралы пікірлерін ортаға салып, ақынның тілі жеңіл, мазмұны терең, балаларға жақын екендігін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, ақын өлеңдерінен алған әсерлерімен бөлісіп, әдебиетті жақсы көрудің маңызын түсінгендерін айтты.