21
апрель
2025
«Ер есімі – ел есінде» атты шығарма жазу байқауы өткізілді
Ағымдағы жылдың 21 сәуір күні Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Патриот» әскери-патриоттық айлығының мектепішілік жоспарына сай «Ер есімі – ел есінде» атты шығарма жазу байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, патриоттық рухты насихаттау және еліміздің тарихындағы ұлы тұлғалардың ерліктерін дәріптеу. Байқауға 8-10 сынып білім алушылары қатысып, өздерінің шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Шығарма тақырыбы ел тарихындағы қаһармандардың және басқа да маңызды тұлғалардың өмірі мен ерліктеріне арналды. Қатысушылар жұмысының мазмұны, тақырыптың ашылуы, тілдік стилі, әдеби көркемдігі әділқазылар алқасы тарапынан бағаланды. Нәтижесінде Амангелді Аруна І дәрежелі, Мухатай Жанель мен Жексеналы Нұрсыйла ІІ дәрежелі, Қарақыстақ Айдана, Жарылқасын Нұрай мен Ерболат Еркеназ ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Байқау білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, ел тарихын тереңірек түсінуге, ұлттық рухты көтеруге үлкен үлес қосты.


