03
сентябрь
2025
«Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы» тақырыбында танымдық сағаттар өткізілді
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 5 қыркүйек – қазақ халқының тағдырына ерекше еңбек сіңірген қайраткер, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай іс-шаралар ұйымдастырылды. Осыған сәйкес 2025 жылдың 3 қыркүйек күні мектепте «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы» тақырыбында танымдық сағаттар өткізілді. Іс-шара барысында Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен ағартушылық қызметі, қазақ тілі мен әдебиетіне қосқан үлесі туралы мағлұматтар беріліп, оқушыларға оның еңбектерінің тарихи маңызы түсіндірілді.
Бұл танымдық сағаттардың негізгі мақсаты – оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру, Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын дәріптеу және патриоттық сезімдерін қалыптастыру болып табылады.
