Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру» тақырыбында кездесу өтті
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 9-11 сынып оқушыларымен «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру» тақырыбында кездесу өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары М.А. Өмірбек, аудандық мәслихат депутаты А. Құрманалиев, қоғамдық кеңесінің мүшесі Ж. Оспанова, аудандық прокуратура өкілі Х. Ажимбек, аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы Т. Абдрашов, аудандық білім бөлімінің әдіскері С. Метеркулова қатысты.
Кездесуде жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдағы заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру мәселелері қозғалды. Қонақтар оқушыларға құқықтық жауапкершілік, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері жөнінде кеңес беріп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауап алды.




