03
декабрь
2025
«Темірбек Қожакеев мұрасы-ұлт руханиятының асыл қазынасы»
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 03.12.2025-05.12.2025 ж аралығында тарих пәні мұғалімдері Ж.С.Жуматаева және Ж.М.Мейірханова «Темірбек Қожакеев мұрасы-ұлт руханиятының асыл қазынасы» тақырыбында 5 сынып оқушыларымен мектеп мұражайына саяхат жасады.
Мақсаты: оқушыларды туған жерінің танымал тұлғасының өмірбаянымен, еңбектерімен, қызметімен таныстырып, тарихи мәлімет беру.
Тарих пәні мұғалімі Ж.М.Мейірханова оқушыларға ғалым, профессор, журналистика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері, жазушы, сатира саласының саңлағы Темірбек Қожакеевке арналған мұражай тарихын баяндап, мұражай 7 бағыттан тұратынын атап өтті. Мұражайда Темірбек Қожакеевтің өмір жолы, студенттік шағы, ұстаздық қызметі, отбасы, еңбектері мен наградалары туралы мәлімет берілді.
Ж.С.Жуматаева Темірбек Қожакеевтің өмір жолындағы жетістікке жете тоқталып, оның сатира саласындағы ерең еңбегі аталып өтілді. Оқушылар өз тарапынан Темірбек Қожакеевті мақтан тұтатындарын, оның еңбектері мен қызметтік жолын оқып, еліміздің мақтан тұтар азаматтары болатындарын өз ойларымен жеткізді.
https://www.instagram.com/reel/DSETYH0iHU8/?utm_source=ig_web_copy_link