11
декабрь
2025
«Тәуелсіз елім – тірегім» тақырыбында викториналық ойын өткізілді
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 8–9 сынып оқушылары арасында «Тәуелсіз елім – тірегім» тақырыбында викториналық ойын өткізілді. Іс-шараны тарих пәнінің мұғалімдері Ж. Мейірханова және Б. Самбетов ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, Қазақстан тарихы бойынша білімдерін кеңейту, логикалық ойлау дағдыларын дамыту және патриоттық тәрбие беру.
Викторина барысында оқушылар бірнеше кезең бойынша жарысып, тарихи даталар, ұлттық құндылықтар, тұлғалар, тәуелсіздікке қатысты маңызды оқиғалар жөнінде сұрақтарға жауап берді. Топтар арасында зияткерлік сайыс өтіп, оқушылар өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетіп, белсенділік танытты.