“Ұшқыр ой, озық білім” интеллектуалдық ойын өтті » СШГ №39 имени Темирбека Кожакеева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Темірбек қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-55-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Ұшқыр ой, озық білім” интеллектуалдық ойын өтті
21
февраль
2025

“Ұшқыр ой, озық білім” интеллектуалдық ойын өтті

Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Әулиеата кітап оқитын өңір» жобасы аясында өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес “Ұшқыр ой, озық білім” тақырыбында 10 - сынып оқушылары мен ата-аналар арасында интеллектуалдық ойын ұйымдастырылды.                                                                                                                   
Бұл іс-шараның мақсаты – оқушылар мен ата-аналар арасында білімге деген қызығушылықты арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылық және сыни ойлауды қалыптастыру.
Интеллектуалдық ойын бірнеше кезеңнен тұрды:
"Білімділер бәйгесі" – жалпы білімге негізделген сұрақтар;
"Логикалық тапсырмалар" – тез ойлау мен шешім қабылдауға бағытталған тапсырмалар;
"Тарих және мәдениет" – еліміздің тарихи және мәдени мұрасына қатысты сұрақтар;
"Жұмбақ шешу" – танымдық әрі қызықты тапсырмалар;
"Жедел жауап" – сұрақтарға жылдам әрі нақты жауап беру.
Ойын барысында ата-аналар мен оқушылар белсенділік танытып, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Интеллектуалдық сайыс қызықты әрі тартысты өтіп, қатысушыларға зор әсер қалдырды. Жеңімпаздар арнайы сертификаттармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар мен ата-аналардың білімге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив