«Болашаққа бағытталған қадамдар» тақырыбында 10-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру іс-шарасы өткізілді. » СШГ №39 имени Темирбека Кожакеева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Темірбек қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-55-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Болашаққа бағытталған қадамдар» тақырыбында 10-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру іс-шарасы өткізілді.
23
январь
2026

«Болашаққа бағытталған қадамдар» тақырыбында 10-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру іс-шарасы өткізілді.

2026 жылдың қаңтар  айының 23 - күні «Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүзеге асыруға бағытталған жоспар аясында директордың бейіндік оқу ісі жөніндегі орынбасары Ф.Балабеков пен кәсіптік бағдар беруші педагог А.Талпакованың ұйымдастыруымен «Болашаққа бағытталған қадамдар» тақырыбында 10-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру іс-шарасы өткізілді.
🎯 Мақсаты: 
•    Оқушылардың кәсіби және шығармашылық қабілеттерін дамыту;•    Оқушылардың өз идеяларын ашық қорғауға, психологиялық дайындыққа баулу;•    Болашақта жаңа жұмыс орнын ашу бойынша өз жобаларын ұсыну арқылы, ойлау дағдыларын қалыптастыру;І.«Болашаққа бағытталған қадамдар» тақырып аясында кәсіптік бағдар беруші педагог А.Талпакова білім алушыларға мамандық бойынша ақпарат беріп, презентация жұмысымен таныстырып өтті.                             
ІІ.«Дұрыс бағыт-жарқын болашақ» бөлімі бойынша жасанды интеллект арқылы кәсіби бағытқа байланысты пікірді талқылау және постер қорғау тапсырмасы арқылы оқушылар топтарға бөлініп, жасанды интеллектінің ұсыныстарын көрсете отырып, өз ой пікірлерін ортаға салды.
ІІІ. Мектеп психологы Г.Асубаева оқушылармен «Мен кіммін?, «Сенім шеңбері» жаттығуларын жүргізіп, «Мен болашақта өзімді ...елестетемін» айдарымен топпен шешілетін шағын шығармашылық тапсырма беру арқылы  әр оқушының психологиялық күйі мен мүмкіндіктерін талқылап өтті.
ІV. «Білім-ешқашан сөнбейтін рухани қазына» тақырып аясында оқушылар өз жобаларын қорғау арқылы болашақтағы идеяларын іске асыру жолдарының тиімді әдістерін ұсынды.
        Кәсіби бағдар беру іс-шаралары оқушыларға білім берумен қатар өмірлік маңызды шешімдер қабылдауға көмектесетін құндылықтар береді. Олар еңбекқорлық пен мақсаттылыққа үйреніп, өз болашағын саналы түрде жоспарлауға мүмкіндік алады.КББП: Талпакова А.С
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив