20
август
2021
Ата-аналарға үндеу
Құрметті ата-аналар!
Вакцинация - бұл заманауи медицинада белгілі, жұқпалы ауруларға қарсы қорғанудың тиімді құралдарының бірі. Кез келген вакцинация ағзаның қорғаныс қабілетін нығайтуға, оның тұрақтылығын қалыптастырып, түрлі қауіпті ауруларды қабылдамауына ықпал етеді. COVID-19 пандемиясы кезінде вакцина алу әр тұлға үшін өте маңызды әрекет. Вакцинациялау - адам инфекция қоздырғыштарымен байланысқа түскенге дейін аурудан қорғанудың қарапайым, қауіпсіз және тиімді әдісі. Вакцинациялау ағзаның табиғи қорғаныс механизмдерін қолдана отырып, көптеген жұқпалы ауруларға төзімділікті арттырады және иммундық жүйеңізді күшейтеді.
Сіздерді вакцина салу мәселесіне жауапкершілікпен қарап, түрлі қауесеттерге сенбеуге шақырамыз.
Құрметпен, облыстық білім басқармасы.