Мектептің тарихы мен жетістігі » СШГ №39 имени Темирбека Кожакеева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Темірбек қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-55-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектептің тарихы мен жетістігі
01
сентябрь
2021

Мектептің тарихы мен жетістігі

          Темірбек  Қожакеев атындағы  №39   жалпы орта білім  беретін   мектеп - гимназиясы   2005   жылы  құрылды.  Орта   мектеп  2007  жылы  «Гимназия» статусын  алып,  2010-2011, 2011-2012   оқу   жылдары  республикадағы  «Ең   үздік 100  мектептің»  қатарына   ілінді.  2012  жылы   Елбасы   Н.Ә.Назарбаевтың «100  мектеп, 100  аурухана»   бағдарламасы  бойынша салынған  жаңа  ғимаратқа   көшірілді. 2015 жылы   мектепке  белгілі ғалым, филолог, қоғам  қайраткері  Темірбек Қожакеевтің  есімі берілген.

         2017-2018 оқу  жылдан   бері  Темірбек Қожакеев  атындағы №39   жалпы орта  білім  беретін   мектеп-гимназиясын   Қалқабаева  Асипа  Асанқызы   басқарып  келеді. 

 Мектебіміздің  алдында тұрған  міндет: ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес оқушының білімі терең, іскер және ойлауға қабілетті, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзырлы тұлғаны қалыптастыру екенін ескеріп, атқарған жұмыстар нәтижесінде  мектебіміз   білім   мен  тәрбие  саласын   жаңартып, сапасын  арттыруда  республика   бойынша  «Ең  үздік   100  мектептің»  қатарына   енді. 2018-2019 оқу жылындағы   білім сапасының жоғарғы нәтижесі бойынша мектеп «Үздік инновациялық мектеп» номинациясымен марапатталды және облыс әкімі А.И.Мырзахметовтың 1000.000  (бір миллион) тенге сертификатына ие болды. 


        Сонымен  қатар республикалық  кәсіподақ   ұйымының   «Ең  үздік   жұмыс  беруші - 2017», «Ең  үздік  жұмыс   беруші – 2019» атты дипломдарымен   марапатталды.

       Мектеп   оқушылары  мен ұстаздары  облыстық, республикалық  пән   олимпиадасының, республикалық, халықаралық  байқаулар   мен  жарыстардың  жүлдегерлері   мен  жеңімпаздары.

          2018-2019  оқу жылында   Алматы  қаласында   өткен  халықаралық  математика   пәнінен  олимпиадаға  «Мұстафин   клубының»  19 дарынды  оқушылары   қатысып, сертификатқа  ие  болды. Болгарияның Несебр  қаласында   өткен  жазғы  турына   екі  оқушы  жолдама   алып,  Сейдхан Іңкәр  жүлделі   ІІІ  орынды  иеленсе, Алпысбай  Рахат   арнайы  сертификатпен  марапатталды. 2019-2020 оқу жылы халықаралық «Шексіз математика» пән олимпиадалық байқауында   2 оқушы  алтын, 2 оқушы - күміс, 1 оқушы - қола медалдармен марапатталды.

         «Болашаққа  бағдар: Рухани  жаңғыру»   бағдарламасын  жүзеге  асыру   мақсатында  бірқатар  міндеттер атқарылып, нәтижесінде мектебіміз  2018-2019  оқу жылында  облыстық «Ең   үздік  кітап  оқитын   мектеп»  байқауының  бас   жүлде  иегері, облыстық, республикалық «Ең  үздік  мұражай», «Ең   үздік  виртуалды  мұражай»   байқауларының  бас  жүлдесін   иеленді. 

        «2019-2020 оқу жылында  кәсібилігі   мен  шеберлігін  шыңдауда   мектебіміздің  ұстаздарыы  республикалық   байқаулар  мен  жарыста,   ғылыми  жобалар, қашықтық  және  пән  олимпиадаларының  жеңімпаздары   мен  жүлдегерлері  атанды. 

        Атап   айсақ,  тарих  және   қазақ  тілі  пәндерінің   республикалық  олимпиадасында  мектеп   ұжымы «Үздік  ұжым»  дипломымен   марапатталды. Мектеп  психологы Асубаева  Гүлзада  VІІ республикалық    «Ең   үздік  жыл  психологы» байқауында   І- дәрежелі орынды  иеленді. Физика  пәнінің   мұғалімі Байболатов  Әлібек Жамбыл  облысының    «Ең үздік физигі»  атанды, орыс  тілі  мен   әдебиеті  пәнінің  мұғалімі Разакова Айғаныс  республикалық  педагогикалық   шеберлік  орталығы  ұйымдастырған   «Өнегелі  ұстаз»  жобасының   І орын  иегері атанса, қазақ  тілі мен   әдебиеті  пәні  мұғалімі   Әбдікерім  Дана  ІІІ   республикалық  пән  олимпиадасында  ең   жоғары  нәтиже  көрсетіп, «Ең   үздік  тіл  маманы» дипломымен  марапатталды.

         Ұстаздарымыздың  сапалы   білім  мен  саналы   тәрбие  беруінің  нәтижесінде   оқушыларымыз  халықаралық  деңгейдегі   байқаулар, слет, пән   олимпиадасына, фестивальдерге    қатысып,   облыстық, республикалық жарыстар  мен  байқауларда   дарындылығы  мен  таланттарын   шыңдап, жетістіктерге  жетті. 

        Бастауыш  сынып   оқушысы  Асқар  Аружан    Франция  мемлекетінің  Париж   қаласында  өткен  халықаралық   «Дарындылар  отшашуы» байқауының  «Көркемсөз»  номинациясы   бойынша   жүлделі   ІІ  орынды  иеленді.

 сынып  оқушысы   Темірболат  Жұлдызай  Бурабай   қаласында  өткен   республикалық «Ауылым  алтын   бесігім» атты  ғылыми  жобалар   байқауында  І орын  жеңімпазы   атанып,  Ресей  Федерациясы   Примор  аймағы  Владивосток  қаласындағы   «Океан»  бүкілресейлік  балалар   орталығына  жолдама  алып, демалып қайтты.  Бастауыш   сынып  оқушылары  Кенжалы   Көркем  мен  Жақыпбек   Мирас  Нұр-Сұлтан  қаласында   өткен  халықаралық  Еуразиялық   зияткерлік  олимпиадасына  қатысып, жүлделі  ІІ-ІІІ   орынды  иеленді.                   

         8 сынып   оқушылары  Олжабай  Еркемай   және   Есенжан  Есжан     республикалық  қазақ  тілі   пәнінен  Ахмет  Байтұрсынов   олимпиадасына  қатысып,  «Қазақстан   үміті»  төсбелгісімен  марапатталды. Облыстық  «Ақберен»   білім  және  өнер   байқауында  Күмісбек  Жанерке   «Ұлттық  аспапта  өнер»   номинациясы  бойынша  ІІ   дәрежелі  дипломды  иеленді. 

2020-2021 оқу  жылында   Америка   Құрама  Шатында  ұйымдастырылған   математика   пәні бойынша халықаралық олимпиада 11 сынып  Раимбаева Айгерім  ІІ  орын   иегері  атанды.

       Халықаралық  «Прага»   байқауында Жандарбек Бейбарыс, Уалихан Нұрай , Мырзабаев Ислам , Биғазы Нуриля, Өкілбаев Ильяс, Айдархан Ақжүрек,   Омаров Ерислам, Шарипхан Марғұлан,   Жарылқасын Ернұр, Мырзақасым Айдана   І-ІІ орын  жүлдегері  атанды

 Республикалық www.sabaq.kz ұстаздарға арналған танымдық-әдістемелік сайты бастауыш сынып оқушылары арасында өткізген «Үздік бастауыш сынып оқушысы» қашықтық олимпиадасына  Қабылбек Айша  қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. 

       Қазақ поэзиясының алыбы Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Мұқағали оқулары»атты сайыста 1 - сынып оқушылары Мекен Еркеназ, Болатбек Айым, Сәрсенбай Әзірет, Медер Елжас I - II дәрежелі   дипломмен марапатталды.

- Қазақ халқының Ұлы ақыны А. Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай ұйымдастырған «Абай және ХХІ ғасырдағы QAZAQSTAN» атты Республикалық байқауға 11 сынып оқушысы  Нүсіпбеков Дәурен қатысып, жоғары деңгейлі дайындығы үшін І   дәрежелі орынмен   марапатталды.  .

       ҚР шығармашыл жастарға арналған «Ақын» - порталының ұйымдастыруымен өткен байқауда 11  сынып оқушысы Серік Ділназ «Үздік шығарма» номинациясы бойынша бағы мен бабын қатар сынап, жүлделі І орынмен марапатталды.

- Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай Республикалық «Абай мұрасы» танымдық порталының ұйымдастыруымен өткен «Абай жолы» 11 сынып оқушысы Рысқұлова Гүлдерай  атты шығармашылық байқауында І орын   иегері  атанды

Қалыбаева Жанель- Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай Республикалық «Абай мұрасы» танымдық порталының ұйымдастыруымен өткен «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» атты шығармашылық байқауында І орынмен марапатталды

Тоқтағұл Дина - Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай Республикалық «Абай мұрасы» танымдық порталының ұйымдастыруымен өткен «Білімдіден шыққан сөз» атты шығармашылық байқауының ІІ орын жүлдегері атанды. 

SanaEducation – интеллектуалды білім порталының ұйымдастыруымен өткен Республикалық «Көркем жазу» атты байқауында 10 сынып  оқушысы   Әуелбек Нұрай ІІ дәрежелі  орынға  ие   болды.

-«Абай оқулары» порталының ұйымдастыруымен Республикалық «Абайды оқы, жалықпа» атты байқауында 10 сынып   оқушылары   Сабур Гүлмира,  Әбдібай Таңшолпан І орын  жүлдегерлері   атанды.

Республикалық « Туған жер –тұғырың» байқауда Базарбай Аружан, Әбдібай Таңшолпан ,  Исажан Айғаным  І-ІІ   дәрежелі орынмен  марапатталса, республикалық « Жас толқын» байқауы  қол өнер жанры бойынша Талғанқызы Дания  І орын   иегері  атанды.   

 Республикалық «Өнерлі өрге жүзер» байқауына қатысып,  Талғат Алтынбек «Бас жүлде» иеленсе, « Қар барысын бірге сақтайық» атты Респуликалық сурет байқауына қатысып ІІІ орынмен Клемм Виолетта   марапатталады.

         Мектебіміздің  ұстаздары   2020-2021 оқу  жылында  халықаралық, республикалық  байқаудар   мен  жарыстарда шығармашылығын  шыңдап,  көшбастап, жүлделі  орындарға   ие  болды. 

          Елбасымыздың « Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2020 жылы  өткізген «Тәуелсіз ел таланты»  халықаралық өнер және білім байқауына зор үлес қосып, шәкірт тәрбиелегені үшін «Үздік жетекші» номинациясы Утепова Бибігүл Суйеугалиевнаға берілді. 

        «Екі ғылымның қиылысында» тақырыбындағы биология және химия пәні мұғалімдеріне арналған Халықаралық олимпиадасының ІІІ дәрежелі дипломымен Шекербекова Дана марапатталды.

         Ағылшын тілінен Халықаралық оқытушылар арасындағы BS-Press қашықтық олимпиядасына қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен Ахметова Толқын Болатханова марапатталды

          Қазақ халқының Ұлы ақыны А. Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай ұйымдастырған «Абай және ХХІ ғасырдағы QAZAQSTAN» атты Республикалық байқауға қатысып, жоғары деңгейлі дайындығы үшін І дәрежелі дипломмен Алденбекова Индира Толебаевна марапатталды. 

        «Daryn.online білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиада сайты бірлесіп ұстаздарға арнап ұйымдастырған Республикалық «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндік олимпиадасында Тилеубаева Гулзина Чтизбекқызы, Байбульдекова Жамиля Сегизбаевна, Сейтімбетова Гүлшат Қазнабекқызы І ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.

         ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері Qaztest.kzонлайн олимпиада сайты республика мұғалімдерінің арасында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұйымдастырылған І Республикалық «Абай әлемі және рухани мұрасы» қашықтық олимпиадасының ІІ дәрежелі дипломымен Сейтімбетова Гүлшат Қазнабекқызы марапатталды.

        Тургумбаева Балым Бахтияровна - Ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл мерейтойына орай өткізілген «Үздік ғылыми жоба авторы» атты Республикалық байқауының жеңімпазы І дәрежелі дипломмен марапатталды. 


        Биология пәні мұғалімі  Байсуанова Ж. М. ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері, Qaztest.kz сайтында биология   пәнінен мұғалімдерге арналған   республикалық қашықтық   олимпиадасының III дәрежелі диплом жеңімпазы, балаларға арналған білім беру ұйымдары мұғалімдерінің «Үздік авторлық бағдарлама» Республикалық конкурсының жүлдегері, II дәрежелі дипломмен және сертификатпен марапатталды.

       Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін Байболатов Алибек Бекниязович Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 


        Республикалық «КИО»  химия пәні арасында өткен қашықтық олимпиадасына ІІ дәрежелі диплом, Шекербекова Дана облыс бойынша ІІ орын мадақтамалармен марапатталды. 

         ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерей тойына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын педагогтермен білім алушылардың арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Қазақстан педагогтарының 100 жаңа есімі атты Республикалық байқауға» А. Бегешова қатысып жеңімпаз аталғаны үшін 1 дәрежелі дипломмен марапатталды.

         ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері Qaztest.kz  сайтында педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған ІІІ Республикалық «Үздік Педагог» олимпиадасында қорытынды кезең нәтижесі бойынша   ІІІ дәрежелі жүлдегер Айнаева Н атанды.

        Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» атты  бағдарламалық мақаласын педогогтар арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен « BEST TEACHER’S AWARD-2020» атты Республикалық байқау ІІ дәрежелі дипломмен және медальмен ағылшын  тілі   пәні  мұғалімі  Сақыбай Ұлпан марапатталды. 


       Республикалық « Жас толқын»  байқауында үздік еңбегі үшін « Құрмет грамотасы» Сейткулова Кулпаш марапатталады.


       Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті-Елбасы қорының Үздік қазақ тілді интернет-сайт сыйлығы байқауында Білім бұлағы аталымының жеңімпазы атанған Эрудит интеллектуалды білім сайтының ұйымдастыруымен педагогтар арасында өткен Республикалық «Тәуелсіздік таңы» атты шығармашылық байқауында «Үздік сабақ жоспары» номинациясы 1-орынмен  Есенкулова Кулзира марапатталады .


           Республикалық  «Педагогика -2020» қашықтықтан оқыту педагогтар алдындағы жаңа міндеттер мен талаптар атты конференцияд ІІІ орын иелеген Төреқұл Нұрбек марапатталады . 

            «Самғау» Инновациялық білім беру орталығы ұйымдастыруымен Республикалық  «Үздік суретші» шығармашылық байқауында жетекшілік еткен үшін Тоғаева Қымбат   Алғыс хатпен марапатталды. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив