03
февраль
2022
“ Менің болашақ мамандығым” тақырыбында зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Темірбек Қожакеев атындағы №39 ЖОББМГ - да кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүзеге асыру аясында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жаңартылған білім мазмұны білім беру саласына жаңа леп әкелгені бәрімізге мәлім. Осы жаңа бастама “Өзін-өзі тану” пәнін де айналып өтпеді. Пән бойынша әр сыныпқа әлеуметтік жобалар енді. Жоба жұмыстары оқушылардың күнделікті өмір дағдыларына адамгершілік қасиеттерін сіңіру, өздерін тану, өмірдегі өз орындарын табуға сеп болу мақсаттарын көздейді.
10 сыныпта “ Менің борышым” жобасы бойынша оқушылар “ Менің болашақ мамандығым” тақырыбында зерттеу жұмыстарын жүргізіп қорғады. Мақсаты : Балалардың Отан алдындағы парызы- білікті маман болу. Ол үшін әр бала болашақ таңдау жасаған мамандығы өзіне сай келетіндігіне көз жеткізу үшін жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесін презентация түрінде қорғап шықты.