Оқытудың ақпараттық -коммуникациялық технологияларын енгізу
Мұғалімдерге электронды оқыту жүйесі бойынша сабақтар өткізіліп, ақпараттық тхнологияны меңгерудегі ұстаздардың білімі 100 % көтерілген. 30 моноблок мұғалімдердің пайдалануына беріліп, 15 компьютерден тұратын мультимедиялық жабдықталған кабинет оқушыларға қолданысқа берілді, кітапханаға 6 компьютер орнатылды, мұғалімдер бөлмесіне 2 компьютер орнатылды. Барлық компьютерлер интернет желісіне қосылған.Интернет желісінің жылдамдығы 4,2 МБит/сек. 11 ноутбук шкаф-сейф қорабында қойылып мұғалімдердің сабақтарына қолданылуда. АКТ залына мультимедиялық подиум орнатылған. 2 проектор 2 ноутбук мұғалімдерге қолданысқа берілді.
Электронды оқыту жүйесі «E-learning» порталында мектеп туралы мәліметтер, мектеп статистикасы, оқу жоспары және басқада мәліметпен толықтырылған. Мектептің электронды сайты 2014-2015 оқу жылы мамыр айында қолданысқа берілді. Сайттың адресі 39-merki.mektebi.kz