Оқушылар жетістіктері » СШГ №39 имени Темирбека Кожакеева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Темірбек қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-55-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
май
2017

Оқушылар жетістіктері

«Білім алу арқылы бақытты боласың»

     Оқушы білімінің әр саласындағы жетістігі, өз біліміне деген сенімділігі, бәсекеге қабілеттілігі білім сапасының негізгі көрсеткіші болып табылады. Осы көрсеткіштердің барлығы конкурстарда, олимпиадаларда, интеллектуалды марафондарда, ашық байқалады.
Әрбір жеңіс, тіпті кішкентай ғана жетістік алға қарай ұмтылуда, білімнің жаңа шыңдарына шығуға жол ашады. Сондай-ақ, қоғамдағы өз орныңды сезінуге мүмкіндік береді. Бұл ұлы ғалым М. В. Ломоносовтың «Білім алу арқылы бақытты боласың» деген сөзінің дәлелі.
Осындай жетістіктердің бірі Меркі ауданындағы №39 Темірбек Қожакеев Атындағы орта мектеп-гимназиясында орын алды. Осы білім ошағының 11 «В» сынып оқушысы Мірзакір Құндызай. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығымен жыл сайын Ғарыш күні қарсаңында ұйымдастырылатын «Открываем мир науки» атты халықаралық ғылыми жарысқа қатысып,ІІ дәрежелі дипломға ие болды. Жарыс Байқоңыр қаласында, ағымдағы жылдың 5-8 сәуір аралығында өткізілді.
Ғылыми жарыстың негізгі мақсат, міндеті: дарынды балаларға қолдау корсету, әрі қарай дамуына жол сілтеу болды. Сонымен қатар, балалар мен жас өспірімдердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына деген қызығушылығын ояту, отандық және әлемдік ғарыш жетістіктерімен таныстыру.


 

 

 

 

 

Биология пәнінен  халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық  деңгейдегі  жетістіктер.

2016-2017 оқу жылы

Байсуанова  Жанар Медетханқызы.

№39Темірбек Қожакеев атындағы ОМГ биология пәні мұғалімі. 2016 – 2017 оқу жылында биология пәнінен мұғалімдерге арналған  республикалық қашықтық олимпиадасының І дәрежелі дипломымен марапатталды. 2016-2017 оқу жылында  «Педагогикадағы инновациялар» республикалық  ғылыми-әдістемелік журналға «Переливание крови. Группы крови человека» тақырыбында  ашық сабағын жариялады 2016 – 2017 оқу жылында оқушысы  Мірзакір Құндызай «Открываем мир науки» атты  халықаралық ғылыми жарысқа қатысып ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды

 

 

 

  
 

 

 

Койшиманова Назира Сейсембаев

Темірбек Қожакеев атындағы орта мектеп-гимназияның биология пәні мұғалімі.

 

2016-2017 оқу жылында «Сын тұрғысынан ойлау үдерісінің белсенді ресурстары-дарынды және талантты балалар» тақырыбындағы аудандық семинар-практикумға  қатысқаны үшін сертификатқа ие болды.

2016-2017 оқу жылында «Қалыптастырушы бағалау – оқу мен оқытуды жақсартудың тиімді құралы»  тақырыбында өткізілген облыстық семинарда понарамалық сабақ көрсетіп, белсенділік танытқаны үшін Алғыс хатқа ие болды.

 

 

 

             

 

 

 

Темірғалиқызы Балжан

 

2015-2016 оқу жылындағы математика пәнінен 15 оқушы үздік көрсеткіш көрсетті.

Баланың балғын ойын дамытып, қисынды ойлауға үйрететін  ПОНИ байқауының  жеңімпазы.

Халықаралық үздік сабақтар жеңімпазы және төс белгісімен  марапатталды.

«Сатылай кешенді оқыту»технологиясы-тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандырудың  тиімді жолдары» атты Республикалық форумға және ҚР кіші ғылым академиясының  «Тілім менің  тірлігімнің айғағы» атты өткен он алтыншы республикалық ауызша командалық  олимпиадасының  1-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.