22
декабрь
2021
АБАЙЛАҢЫЗ, ПИРОТЕХНИКА!
АБАЙЛАҢЫЗ, ПИРОТЕХНИКА!
Мақсаты: қауіпсіздік ережелерін сақтау, жарылғыш заттар мен пиротехникалық бұйымдардың зияны жайлы түсіндіру.
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 2021 жылдың 22 желтоқсан күні 5-7 сынып оқушыларымен жарылғыш заттар мен пиротехникалық бұйымдарды қолдануда қауіпсіздік шараларын сақтау маңыздылығы бойынша Меркі АПБ ЖПҚБ ЮпТ УПИ полиция капитаны Килебаева Г.Б, мектеп директорының құқық ісі жөніндегі орынбасары Нурмаханбетов Қ.Б, мектеп психологы Талпақова А.С пиротехникалардан күйіп қалудың алдын алу жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қазіргі таңда сауда желісінде көптеген пиротехникалық бұйымдардың болуын ескере отырып, қауіпсіздік шарасын дұрыс ұйымдастыру ерекше маңызды. Алдын алу жұмыстарына ерекше назар аудару қажет,оның ішінде: оқушылармен және олардың ата-аналарымен әңгімелесу, түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды болмақ. «Отшашудың, пиротехникалық бұйымдардың салдарынан абайсызда жапа шегетіндердің басым көпшілігі балалар. Сондықтан да отшашауларды пайдаланғанда мейлінше абай болып, қауіпсіздік шараларын ескерген дұрыс.