14
февраль
2022
Математика пәнінен ашық сабақ өткізілді.
Бастауыш білім беру жүйесінде жаңашыл инновациялық технологияларды пайдалану тақырыбында Темірбек Қожакеев атындағы №39жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының бастауыш бірлестігінде өткізілген мектепішілік семинарда 3«Д» сынып жетекшісі Уристамова Асемгул математика пәнінен ашық сабақ өткізілді. Жаңа инновациялық технологияларды сабақта қолдану туралы білімін шыңдау үшін жас мамандар қатысқан сабақта «Кім жылдам»,«Мұғалімнің қателігі»,«Үндемес» әдістері жұптық, топтық және ұжымдық жұмыстар арқылы амалға асырылды. Оқушылар белсенді қатысып, сабақ соңында толық кері байланыс бере алуы сабақтың өз мақсатына жеткенінің дәлелі болды.