25
февраль
2022
«Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман» тақырыбында тренинг жүргізді.
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 2022 оқу жылының ақпанныың 25-ші жұлдызында даярлық сыныптар бойынша жас мамандарға арналған «Ойын және оқыту мақсатын құрастыру» тақырыбында аудандық семинарда мектеп психологтары Талпакова А.С, Асубаева Г.А, Ахметова Э.А «Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман» тақырыбында тренинг жүргізді.
Мақсаты: педагогтардың «Мен педагог позитивті» концепциясын, коммуникативті дағдыларын қалыптастыруға, жаңа ортаға бейімделуіне, басқа адамдарды түсінуге, психологиялық қолдау көрсетіп дамыту.
Жас мамандарға позитивті көңіл-күй сыйлауда «Сәлемдесу»,«Айна», «Гүлдің оянуы» тақырыбында психологиялық жаттығулар өтілу барысында жас мамандар тренингтен алған әсерлерімен бөлісті және бір-біріне жақсы тілетер тіледі.