Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында өткізілген ата-аналар жиналысының анықтамасы
2021-2022 оқу жылының 8 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 30.11.2021 жылғы №18-4/1572 хатына сәйкес, мектеп білім алушылары арасында вейп-шылымдар мен электронды сигареталарды және басқа да заттарды тұтынудың алдын алу бойынша мектептің психологтарымен әлеуметтік педагогтары ата-аналар арасында жүйелі түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мақсаты: ата-аналарға «Вейп-шылым» дегеннің не екенін және оның қоғамға, жасөспірімдердің денсаулығына тигізетін зияны туралы түсіндіру.
Барысы: мектеп психологы Талпакова А. мен әлеуметтік педагог А.Жанжигитова ата-аналарға қазіргі таңда біздің жасөспірімдеріміз ересектерге еліктеп шылым шегу, спиртті ішімдік ішу сияқты әрекеттерге баруда. Бұл үдеріс әсіресе 14-16 жас аралығындағы өтпелі кезеңде көптеп кездесуде. Қазіргі таңда «Вейп» сынды әртүрлі электронды шылымдар балалардың қызығушылығын екі есе арттыруда. Балалар вейп сатылатын дүкендерге келіп, шылымның бұл түрін, оның сұйықтығын емін-еркін сатып алуда. Әлеуметтік желідегі жарнамаларды вейпке қатысты қызықты оқиғаларды көрген сайын жаман әдет жасөспірімдердің санасына ене бастап, вейптің дәмін татып көруге асығады. Қазіргі таңда мектепте осы тақырыпта оқушылар арасында үздіксіз түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сол себептен баланың денсаулығына мұғалімдермен қатар ата-аналар да айрықша мән беруі тиіс. Ата-ана баласымен жәй ғана әңгімелесу арқылы шылымның және зиянды заттардың түсіндіруі қажет және өзін үлгі етіп баламен сенімділік, қарым-қатынас орнатқаны жөн деп түсіндірді.