11 сыныптар бойынша ата-аналар жиналысы/Наурыз/
Темірбек Қожакеев атындағы №39 ЖОББМГ
11 сыныптар бойынша ата-аналар жиналысының
ХАТТАМАСЫ
01.03.2022 жыл
Қатысқаны – 48
Өткізілген орны: АКТ залы
Күн тәртібінде:
А) Қорытынды аттестаттау тапсыру бойынша нормативтік құжаттармен таныстыру
Тыңдалды:
А) Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Л.Коржинбаева сөз алып ата-аналарды ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жыл 18 наурыздағы №125 бұйрық, 2019 жыл 26 қарашадағы №509 бұйрық, 2020 жыл 28 тамыздағы №373 бұйрықтарымен және өзгерістерімен таныстырып өтті.
11 сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауға дайындығын арттыру мақсатында негізгі, таңдау пәндері бойынша қосымша сабақтар ұйымдастырылғаны, айына екі рет пән мұғалімдері және айына бір рет әкімшілік тарапынан білім алушылардың білім деңгейлерін анықтау мақсатында сынақ жұмыстары алынып ай сайын мониторингтік сараптама жасалатындығы туралы айтты.
Қорытынды аттестаттау 11 сынып оқушылары үшін негізгі төрт пәннен (қазақ тілі, математика, орыс тілі, қазақстан тарихы) және бір таңдау пәндері (әдебиет, физика, химия, биология, ағылшын тілі) бойынша тапсыратындары ескертілді.
Қазақ тілі әдістемелік бірлестік жетекшісі Ж.Аубакирова сөз алып, қорытынды аттестаттауда қазақ тілі пәні емтиханының ерекшеліктері туралы айтып өтті. Атап айтқанда оқушылардың эссе жазу шеберлігін дамыту үшін атқарып жатқан іс-шараларымен таныстырып өтті.
Математика пәні бірлестігінің жетекшісі Ш.Мамырбаева математика пәнінен емтиханда келетін бақылау жұмыстарындағы есептер үлгісімен таныстырды.
Орыс тілі пәні бірлестігінің жетекшісі Б.Байтакова орыс тілі пәні бойынша емтихан оқылым және тыңдалым түрінде өтетіндігі туралы және ерекшеліктері туралы айтып өтті.
Қазақстан тарихы пәні бірлестігінің жетекшісі Г.Баубекова қазақстан тарихы пәні бойынша емтиханда келетін тапсырмалармен таныстырып, контекстті тапсырмаларды орындау әдістерін көрсетті.
Қорытынды аттестаттау емтиханы кезінде оқушыларға салынатын тиымдар туралы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Л.Коржинбаева айтып шықты: ұялы байланыс құралдарын, оқулықтар, шпаргалкаларды және калькуляторды қолдануға. Сөйлесуге орын ауыстыруға, тестілеу материалдарымен алмасуға, тестілеу материалдарын аудиториядан шығаруға.
Ата — аналар жиналысының шешімі:
- Білім алушыларды қорытынды аттестаттауға дайындауда білім және ғылым министрі бекіткен нормативтік құжаттар басшылыққа алынсын.
- Қорытынды аттестаттауға дайындауға арналған қосымша сабақтар кестеге сәйкес өткізілсін, қадағалансын;
- Білім алушылардың қорытынды аттестаттауға дайындығын арттыру мақсатында сынақ жұмыстары жоспарға сәйкес алынып, мониторингтік сараптамасы жасалып ата-аналарына хабарланыс отырсын.
Жиналыс төрайымы: Калкабаева А.А
Хатшы: Тургумбаева Б.