Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп -гимназиясындаоқушыларды ыстық тамақпен қамту жағдайын бақылау бойынша құрылған бракераждық комиссияның қорытынды
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп -гимназиясында мектепішілік бракераждық комиссия оқушыларды ыстық тамақпен қамту жұмыстарына зерделеу жүргізді.
Зерделеу барысында төмендегі жағдайлар анықталды:
Мектепте штаттық бірліктегі аспазшы мен асхана қызметкерлері қысқартылып, аспазшылар мердігермен келісіммен жұмыс жасауда. Асхана санитарлық нормаға сай, қазіргі заманғы дизайнмен жабдықталған «Дұрыс тамақтану» бұрышы ұйымдастырылған. Биылғы оқу жылына арналған оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастыруға іс-шара жоспары жасалған. Бір мезгіл тегін ыстық тамақпен аз қамтамасыз етілген отбасы балаларының барлығы 100 пайыз (292 оқушы) қамтылған.
Тексеру нәтижесінде асхана санитарлық нормаға сай, қазіргі заманғы дизайнмен жабдықталған, «Дұрыс тамақтану» бұрышы ұйымдастырылғандығы анықталды. Бракераждық журналдар дұрыс жүргізілуде. Аспазшылардың денсаулығын тексеріп, шикізат пен дайын тағамдардың жағдайына бақылау жүргізілген. Ыстық тағам ас мәзіріне сәйкес дайындалған.
Асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай. Ыдыстармен қамтылуы және ыдысжуатын бөлменің жай-күйі қанағаттанарлық деңгейде. Ыдыстар жеткілікті, ыдыс жуатын бөлме таза, әр ыдыс орынды қойылған, ыдыстардың беті жабық. Асхана барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Көкөніске, дайын өнімдерге, шикізаттарға арналған стеллаждар жасалынған және заттар нормаға сәйкес сақталынған. Қайнаған су бар. Шағымдар мен ұсыныс кітабы бар. Қол жуатын арнайы орындар жабдықталған.
Асхана жұмыскерлері жеке және өндірістік гигиенаны сақтайды: қолдың тазалығын бақылайды, таза арнайы киім мен аяқ киім киеді. Тамақ ішетін залда мектеп басшысы бекіткен мәзір ілінген, онда тағамдардың атауы, әр дайын тағамның шығымы көрсетілген. Мәзірде көрсетілген тағамдар мен аспаздық өнімдердің атаулары пайдаланылған рецептуралар жинақтарында көрсетілген атауларға сәйкес келеді.
Қабылданған тамақ өнімдері және азық-түлік шикізаттары Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаның 1-нысанына сәйкес тез бұзылатын тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттардың бракераж журналына енгізілген. Олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар (сертификаттар) бар. Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдері және оларды сақтау шарттары өндіруші (дайындаушы) белгілеген жарамдылық мерзімдеріне сәйкес келеді.
Тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау температурасы төмен тоңазыту жабдықтарында және (немесе) тоңазыту камераларында және (немесе) тоңазытқыштарда жүзеге асырылады. Температураны бақылау үшін термометрлер орнатылған.
Ас блогында аспазшы нақты ас мәзіріне сәйкес дайын өнімнің тәуліктік сынамасын қалдырған. Сынамаларды қақпағы бар таза (қайнатылып өңделген) шыны ыдысқа салған. Тоңазытқыштағы температурада +2°С көрсетті.
Тексеру қорытындысы қанағаттанарлық.
Шешімі:
- Мектептегі ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары талапқа сай деп бағалансын.
- Медициналық қызметкер А .Бабаева тағамдардың талапқа сай дайындалуын, аспазшылардың денсаулығының дұрыстығын үнемі бақылауда ұстасын.