Темірбек Қожакеев атындағы №39 ЖББМГ ақпан айында өткізілген «Тиімді тамақтану, мектеп тағамдарын ұйымдастыруды жақсарту және азық-түліктерді, дәрумендерді насихаттау» тақырыбында өткізілген онкүндік іс-шараның анықтамасы
Мектепте «Тиімді тамақтану, мектеп тағамдарын ұйымдастыруды жақсарту және азық-түліктерді, дәрумендерді насихаттау» тақырыбында онкүндік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.
3 қаңтар күні 1-11 сынып оқушылары үшін мектеп әкімшілігі, медбике, санитарлық топ мүшелерінің ұйымдастыруымен онкүндіктің салтанатты ашылуы өтті. Оқушыларға лездемеде «Тиімді тамақтану жолдары» тақырыбында насихаттау парақшалар таратылды.
5 қаңтар күні Медбике А.Бабаева 1-11 сынып оқушыларымен «Тиімді тамақтану туралы пайдалы кеңестер» тақырыбында ашық есік күнін өткізді.
7 қаңтар күні Сынып жетекшілері «»Ас-адамның арқауы» атты сынып сағаттарын өткізді.
1-4 сынып оқушыларынан «Сен дұрыс тамақтана білесің бе?» атты сауалнама алынды. Сауалнамаға 220 оқушы қатысты.
10 қаңтар күні 4 Ә сынып жетекші Бөртебаева Гүлнұр ата-аналармен «Бала денсаулығының негізгі кепілі- сапалы тамақтану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
11 қаңтар күні мектеп оқушыларының СӨС қызметкерлерімен кездесуі ұйымдастырылып, «Салауатты өмір сүрудің негізгі қағидасы-тиімді тамақтану» жайында әңгіме жүргізілді.
13 қаңтар күні өзін-өзі тану пәнінін мұғалімі Т. Тлеужанова «Дәрумендер еліне саяхат» тақырыбында сахналық көрініс ұйымдастырылып, осы күні 8-9 сынып оқушылары арасында «Біз дұрыс тамақтанамыз!» атты плакаттар байқауы өтті.
«Тиімді тамақтану, мектеп тағамдарын ұйымдастыруды жақсарту және азық-түліктерді, дәрумендерді насихаттау» тақырыбындағы онкүндік іс-шара жақсы деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.