Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп -гимназиясындаоқушыларды ыстық тамақпен қамту жағдайын бақылау бойынша құрылған бракераждық комиссияның қорытынды
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп –гимназиясында тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясы асханадағы бір мезгіл тамақтандыруды ұйымдастыру деңгейіне бақылау жүргізді.
Мектепте перспективалық ас мәзірі жасалып, бекітілген. Бракераждық журналдар дұрыс жүргізілуде. Аспазшылардың денсаулығын тексеріп, шикізат пен дайын тағамдардың жағдайына бақылау жүргізілген.
Асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай. Ыдыстармен қамтылуы және ыдысжуатын бөлменің жай-күйі қанағаттанарлық деңгейде. Ыдыстар жеткілікті, ыдыс жуатын бөлме таза, әр ыдыс орынды қойылған, ыдыстардың беті жабық тұрады. Асхана барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Көкөніске, дайын өнімдерге, шикізаттарға арналған стеллаждар жасалынған және заттар нормаға сәйкес сақталынған. Қайнаған су бар. Шағымдар мен ұсыныс кітабы бар. Қол жуатын арнайы орын жабдықталған. Жеткізілген тамақ өнімдерінің сапасы қанағаттанарлық, тоңазытқыш-технологиялық жабдықтары жарамды және ауа температурасы +4С көрсетіп тұр, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері өтпеген.
Жалпы тексеру қорытындысына сәйкес тамақтандыруды ұйымдастыру жағдайы қанағаттанарлық екендігі анықталды.
Шешімі:
- Мектептегі ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары талапқа сай деп бағалансын.
- Бракераждық комиссияның жұмысы жоспарға сәйкес жалғасын тапсын.
- Білім алушылардан тамақтандыруды ұйымдастыру сапасын анықтау мақсатында сауалнама алынсын.