«Денсаулықты жақсартуда дұрыс тамақтанудың маңызы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында «Денсаулықты жақсартуда дұрыс тамақтанудың маңызы» тақырыбында өткізілген сынып сағаттарының анықтамасы
Меркі ауылы 17.11.2021 жыл
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 2021-2022 оқу жылының 16-17 қараша күндер аралығында 5-7 сыныптар арасында «Дұрыс тамақтану» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатын өткізудегі мақсат: оқушыларды дұрыс тамақтану мәдениетімен таныстырып, денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту. Адамның ағзасына қажетті тағамдық заттардың ерекшелігін, денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Денсаулықты күтуге, дұрыс тамақтана білуге, салауатты өмір-салтын ұстануға тәрбиелеу.
Орындаған: әлеуметтік педагогтар